"Күнде ғашық болар едім": Ақбота-Нұр қандай азаматты күтіп жүргенін айтты
Дәурен Айдарқұловпен ажырасқан Ақбота-Нұр соңғы уақытта махаббатқа, болашақ жарына қатысты жиі сыр шертіп жүр. Бикештің желідегі әр жазбасы мұңға, сырға толы. Сол себепті де болар, оқырмандары Ақбота үшін уайымдап, жылы лебіздерін жаудыруда, деп жазады Stan.kz.
Ақбота – екі баланың анасы. Соған қарамастан, бикештің сұлулығына қайран қалып, хат жолдайтын жігіттер жетерлік. Ал Ақботаның өзі қандай азаматты күтіп жүр?
"Менің талғамыма сай, азаматтығы мен адамгершілігі келіскен жан болса, күнде ғашық болар едім.
Адамдардың тұрақсыздығы мен пиғылынан қорқамын", – деді Сейітмағамбет оқырманына берген жауабында.
"Аузы күйген үрлеп ішеді!" Бірінші некесі сәтсіз аяқталған Ақбота енді сөзіне берік, ісі сөзіне сай келетін азаматты іздейді.
Ақбота-Нұр Сейітмағамбет: Түсініксіз әрі мағынасыз қарым-қатынастан қорқамын
"Жүзінде нұр бірақ көзіңде мұң бар,
Соған қарағанда маған айтарың бар.
Сырыңмен бөліскенді қалайтын,
Уайымдама!
Жаныңнан табылатын адамың бар!"
Ақботаның желідегі бұл жазбасы оқырмандарын алаңдатып қойды. Олар әншіге қолдау білдіріп, әлі-ақ бақытты болып кететінін айтты.
"Бақытты болуға лайықтысың. Алла бағыңды ашсын", "Өмірің алда, үміт етіп, күт! Әлі-ақ бақытты болып кетесің", - деп жазды олар