Күнде ең күшті X класына жақын алау пайда болды
25 қарашада қолданбалы геофизика институтының ғалымдары Күнде X класына жақын қуатты алауды тіркегенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ғалымдардың сөзінше, екі алау 25 қарашада тіркелген. Олар М1.1 және М1.8.
"25 қарашада Астана уақытымен сағат 12:42-де рентген диапазонында ұзақтығы 34 минут болатын M9.4 (N21E89) алауы тіркелді", – делінген хабарламада.
Рентген сәулелерінің қуатына қарай күн алаулары бес класқа бөлінеді: A, B, C, M және X.
Ең төменгі класс A0.0 Жер орбитасындағы 1 шаршы метрге 10 нВт сәуле шығару қуатына сәйкес келеді.
Келесі В класына өткенде қуат 10 есе артады. Әдетте алаулар күн плазмасының шығарындыларымен бірге жүреді. Олардың бұлты Жерге жетіп, магниттік дауылдар тудыруы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтар 21 қазанға қараған түні "Орионид" метеорлық ағынын бақылай алатыны туралы жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"