Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күн жылынады: Қазақстанда алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 7-9 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазгидромет-ке" сілтеме жасап.

Қазгидромет мәліметінше, алдағы үш күнде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы жоғарылайды.

“Солтүстік-батыс антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, күн ашық болады. Тек шығыс пен оңтүстіктегі ауа райы циклонның кетуіне байланысты жаңбырлы, қарлы болады деп күтіледі. Осылайша 7 қазан күні елдің шығысында қатты жауын-шашын жауады”, – делінген ауа райы болжамында.

Сондай-ақ синоптиктер республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсетінін ескертті. 

“Шығыста және орталықта — көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі, батыста — шаңды жел соғады. Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура – 10...18- ге дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта - 8...15-ке дейін, оңтүстік аймақтарда - 15...20-ға дейін аздап жоғарылайды”, – дейді Қазгидромет.

Талқылау