Күләш Байсейітованың қызы өмірден өтті
Қазақстан опера өнерінің негізін салушылар Күләш пен Қанабек Байсейітовтердің қызы Қарлығаш Байсейітова 83 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақ ұлттық опера және балет театры Қарлығаш Байсейітованың өмірінің соңғы күндеріне дейін ата-анасының естелігін мұқият сақтап, Қазақстанда кәсіби музыка өнерінің пайда болуы туралы баға жетпес тарихи деректермен жомарттықпен бөліскені туралы жазба жариялады.
“Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының ұжымы Қарлығаш Байсейітованың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның мейірімділігі, шынайылығы, халықына, музыка өнерінің тарихи мұрасына бей-жай қарамайтындығы біздің жүрегімізде мәңгі сақталады”,- деді театр.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар