Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуат Найман: Тоқаев мырза, сіз коронавируспен күресе алмадыңыз, адамдарды ит секілді үйге қамап қойдыңыз

Қуат Найман коронавирус мәселесіне қатысты ойын айтты. Вирус жоқ деп елді адастырғандарды, індет тарап жатқан тұста отшашу жаққандады жазалауды сұрады. 

Бұл туралы спортшы желідегі парақшасында жазды. 

"Құрметті достар! Сіздерден өтініп сұраймын. Коронавирус жоқ, аурудың бары өтірік деп жазуды қойыңыздаршы. Елдер сенбеген сайын мемлекет ұшақ пен тікұшақ жіберіп, танк жіберіп біз ауырып, ауруханаға түсуі үшін, аурудың барына сену үшін небір әдістер жасайды. Өздеріңізді сақтаңыздар. Маскамен жүріңіздер. Президенттің үндеуіне байланысты айтсам, мен статистика мен ертегіден басқа ешнәрсе көрген жоқпын. Біз екі ай үйде ақшасыз, тамақсыз отырдық. Сол кезде мемлекет бізге ешнәрсе берген жоқ. Қайта ауырмауымыз үшін ешнәрсе жасаған жоқ. Мемлекет бұл ауруға 18 млрд доллар бөлген. Көріп отырғанымыздай бұл ақшаның бәрі қажетсіз жаққа кеткен. Егер орнына жұмсалса, ешкім өлмес еді, балалар ауырмас еді, ауруханаға бәрін қабылдар еді, дәріханада дәрі толып тұратын еді. Бұл ақшаға Қазақстанды ғана емес, Өзбекстан мен Қырғызстанды да емдеуге болады", - деді спортшы. 

 

Қуат Хамитов министрлікті отставкаға жіберіп, жақсы мамандарды алуға кеңес береді. Басшылық бұл істе жақсы көрсеткіш көрсете алмады дейді.

"Тағы айтарым, көшеге, митингіге, басқаға себепсіз шықпаңыздар. Адамдар ешқайда шықпас үшін жасалып жатыр. Олихаргтар мен бизнесмендер ақша бөліп, халыққа көмектесуге міндетті емес деп ойлаймын. Олар өз еңбегімен жеткен. Ешкімнің ақшасын аған жоқ, салықтан күн көрген жоқ. Өз еңбегімен ақша тапқан жандар. Олр көмектесем десе, әрине оны бағалаймыз", - деді спортшы. 

Талқылау