Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуат Хамит: Шетелден келін әкелсем, бірінші әкем өлтіреді

Қуат Найман соңғы жаңалықтарын бөлісті. Жаз айының екінші айында кезекті жекпе-жегін өткізуді жоспарлап жүр екен. Мұнымен қатар, ол екі жылдан кейін отбасын құруды жоспарлап жүргенін айтты.

13712088_930429257083169_708286257_n

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

– Қашан отбасын құруды жоспарлап жүрсің? 

– 1988 жылы Алматы облысы Алакөл ауданында дүниеге келдім. Әкем «Ұлым чемпион болып, әлемді мойындатса екен» деп армандаған сияқты. Бала күнімнен спорт жолында келемін. Алдыма қойған армандарым орындалды. Әлемнің үш дүркін чемпионы болдым. Он бестен астам мемлекетте өнер көрсеттім. Енді елім қазақ баласы Америкаға барып, көк байрағымызды көтерсе екен деп армандап жүр. Жолдастарымның барлығы балалы-шағалы болып үлгерген. Сол себепті, ата-анам да менің үйленіп, балалы болғанымды асыға күтіп жүр. Спортқа байланысты әр елде жүретіндіктен, отбасын құру қиынға соғып жатыр. Қыздарға маған әйел болу қиын деп айта алмаймын. Спорт жолында жүргендіктен, Үшкемпіров секілді чемпион ағаларымыз отыздан асқаннан кейін отбасын құрған болатын…

– Жеңгеміз Пхукет қаласында жүр ме? Соңғы кезде сол қалаға жиі барып жүрсің. (Артур Төлепов)

– Пхукет, Тайланд, Қытай және т.б. елден келін әкеліп жатсам, мені елім емес, әкем өлтіретін сияқты. Сол себепті, менің жарым міндетті түрде қазақтың қызы болады. Алла бұйырса, екі жыл ішінде 3-4 жекпе-жек өткізіп, барлығы дұрыс болса, отбасын құрамын.


Жіберіп алмаңыз:

Қанат Ислам IBF Intercontinental рейтингінде бірінші орынға шықты

Желіде Головкин-“Канело” жекпе-жегінің жаңа проморолигі пайда болды (видео)

Футболшы 3 жасынан бастап кумир тұтқан әйгілі қақпашысына Чемпиондар Лигасында гол соқты (видео)

Головкин-Альварес жекпе-жегі Азия құрлығында өтуі мүмкін

Талқылау