Қуат Хамитов пен Иван Дычко Алматыда өтетін бокс кешінде жекпе-жекке шықпайтын болды
27 желтоқсан күні өтетін AllStarsBoxing кешінде өнер көрсетуі керек болған Қуат Хамитов пен Иван Дычконың жекпе-жегі болмайтын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Fight Night
Атақты дағыстандық спортшымен жекпе-жек өткізуі керек болған Қуат Хамитов пен олимпиада ойындарының қола жүлдегері Иван Дычконың кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жектері өтпейтін болды. Қуат Хамитов танымал дағыстандық спортшы Мариф Пираевке қарсы жұдырықтасуы керек болса, Иван Дычко ресейлік Виталий Кудуховқа жекпе-жекке шығуы керек еді. Алайда қос қазақстандық спортшының жарақат алып қалуына орай жекпе-жек кейінге шегерілді.
Айта кетейік, AllStarsBoxing-тің алғашқы турнирінде Қуат Хамитов жақын досы Нұрберген Шариповке қарсы жұдырықтасып, жеңіске жеткен еді.
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған
Анасы: "Жолда оған бірдеңе болып қалса ше? "
Алматы облысында ер адамды мопед қағып, көз жұмды: Туыстары іс қозғалмай жатқанына наразы
Алматы облысында ер адамды мопедпен қағып өлтірген жасөспірімге ешқандай іс қозғалмайды

