Қуат Хамитов бірінші раундта ресейлікті нокаутқа жіберді
Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов Магнитогорск қаласында AMC Fight Nights and Steel Heart лигалары ұйымдастырған аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның қарсыласы ресейлік Максим Пантелеев болды, оны қазақстандық жартылай орта салмақта өткен жекпе-жектің бірінші раундында-ақ нокаутқа жіберді. Хамитов оң жақтан сәтті соққы жасады - қарсыласы құлап түсті. Жекпе-жекті қазақстандық бірнеше соққылармен аяқтады.
Бастапқыда Хамитов басқа ресейлік Алексей Ильенкомен жұдырықтасуы керек еді, бірақ соңғы сәтте қарсыласы өзгерді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған