Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуандықтың әніне “пародия” жасаған Мақпал Жүнісова жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Қоңыр даусымен елді баураған Қуандық Рахым жігіттік жасқа келіп, туған жерінде концерт берді. Жас өнерпаздың ән кешіне өзінің жерлес әпкесі, Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова қатысты.

макпал куандык 070917

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Концерт барысында Мақпал Жүнісова Қуандықтың әнін алғаш естіген кезде қандай әсерде болғанын әңгімеледі. Өзбектің әнін аударып айтқандықтан, Мақпал Жүнісова Қуандықты Оңтүстіктің тумасы деп ойлапты. Бұдан өзге, елдің ерке қызы Қуандықтың әніне пародия жасап, жиылған жұртты таң-тамаша етті.

“Мен Қуандықты Шымкент па, сол жақтың жігіті деп жүргем. Сөйтсем біздің жақтың жігіті екен. Өйткені сендер әлгі өзбекше бір әнмен бастадыңдар ғой. Сосын сол жақтың жігіті екен деп ойлағам ғой”, – деген Мақпал Жүнісова бұған дейін Қуандыққа деген ақжарма тілегін жеткізді.

“Бағың жана берсін. Бүгін қолыңа қазақтың домбырасын алып, қандай әндерді шырқап жатсың. Шығармашылық табыс тілеймін. Әлі жассың, әлі берерің көп. Сені туған ата-анаңа үлкен рахмет айтамыз», – деп түйіндеді сөзін Халық әртісі.

Өз кезегінде желідегілер видеоны көріп, күлкіге қарық болғандарын жарыса жазып жатыр.

Қуандық Раxым баурымның 25-жасқа толған ,Қарағандыда өткен ән кешінен видео келді.

Публикация от Макпал Жунусова (@zhunusova.makpal)

Жіберіп алмаңыз:

Аманғали Сыпабеков алғаш рет әке атанды

Ерке Есмахан: Қайда барсам да, іштей болашақ жарымды іздеп жүретінім шындық

Дана Нұржігіт алғаш рет бірінші күйеуімен не себепті ажырасқанын айтып берді

“Ninety one” тобы: Хейтерлерден қорғану үшін шынайы өмірде қару қолданғанымыз рас (видео)

Талқылау