Аманғали Сыпабеков алғаш рет әке атанды
Ит пен малдың даусын айнытпай келтіріп, елдің ықыласына бөленген танымал пародист, актер әрі әнші Аманғали Сыпабеков алғаш рет әке атанды, деп хабарлайды Stan.kz.

Сүйінші хабарды алғаш болып халыққа Аманғалидің өзі жеткізді. Бірнеше сағат бұрын актер желідегі парақшасында перзентхананың босандыру бөлмесінің суретін жүктеп, оқырмандарынан тілектес болуды өтінді.
“Алла жеңілдігін берсін деп дұға жасаңыздаршы”, – деп жазды Аманғали.

Ал небәрі жарты сағат бұрын қуанышы қойнына сыймаған Аманғали әке атанғанын хабарлады.
“Әке болдым халқым, Аллаға шүкір”, – деді Аманғали.
Айта кетейік, Аманғали былтырғы жылы Марал есімді арумен шаңырақ көтерген болатын. Дүбірлі той актердің туған жері Тараз қаласында тойланған еді.
Жіберіп алмаңыз:
Ақбота Сейтмағамбет: Адамның сыртқы келбетін емес, адамдығын бағалайықшы
Ерке Есмахан: Қайда барсам да, іштей болашақ жарымды іздеп жүретінім шындық
"Су ішер алдында "Бисмиллах" деп айт": Алматыдағы Urbo Coffee діни насихат жүргізді деп айыпталды
Белгілі дінтанушы Әл-Фараби Болатжан қоғамдық орындарда діни насихат жүргізілуіне наразылық білдірді
Көлсайдағы аспалы жолды салатын компания туралы не белгілі
Жоба инвесторы – "Компания Строй Индустрия”