Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Нүкенованың өлімі: Бишімбаевқа тағы бір бап бойынша айып тағылды

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру екі бап бойынша жүргізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vlast.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: vlast.kz

Астана қаласының полиция департаменті бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі (Қинау) мен 99-бабының 2-бөлігі (Аса қатыгездікпен адам өлтіру) бойынша жүргізіп, аяқтады.

Сондай-ақ "Гастро-орталық" директоры болған Бишімбаевтың інісіне қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің 432-бабы (Қылмысты жасырып қалу) және 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша жүргізілді. Бұған дейін інісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 119-бабы (Қауіпті жағдайда қалдыру) бойынша да тергеу жүріп жатқаны хабарланған. 

Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, қазір қылмыстық іс процесі қатысушылары материалдармен таныса бастады, содан кейін іс прокуратураға жіберіледі. Басқа ақпаратты жариялауға рұқсат етілмейді. 

Бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Сондай-ақ өз әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталғаны және Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылғаны туралы жазған едік.

Талқылау