Куәгерлер қарап тұрған: Павлодарда ер азамат оқушы қызды тепкінің астына алған (видео)
Павлодарда ер азамат 13 жастағы оқушы қызды ұрып жықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға сол маңайдағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Желіде таралған бейнежазбада ер адамның оқушыны жерге құлатып, теуіп-теуіп жібергені көрінеді. Куәгерлер сол мезетте полиция шақырған.
"Оқиғаға қатысы бар адамдардың барлығы полиция бөлімшесіне жеткізіліп, іс тіркелді. Кәмелетке толмаған қыздың ата-анасы да шақыртылды. Кейіннен ер азамат бен жеткіншек сөзге келіспей қалған, оның арты осындай жағдайға алып келгені анықталды", - деді Павлодар облысының ПД өкілдері.
Қазір сот сараптамалары тағайындалған, тергеу нәтижесі сараптамадан кейін шығады.
- Ақтөбеде 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, ВИЧ жұқтырған азамат сотталды
- Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин жеңілдейді: Қандай нысандардың жұмысына рұқсат берілді
Жәбір көрген қыздың ата-анасы аталмыш жағдай жайлы пікір білдірді.
"Менің қызымның сол күні туған күні еді. Ол құрбысымен бірге дүкенге азық-түлік алуға кірген. Кезекке тұрған, жұдырық ала жүгірген азамат қыздардан кейін кезекте болыпты. Қыздар сөйлесіп тұрса, ер азамат маған дөрекелік жасадың деп, қызыма қолын сермеген. Бұдан қорыққан қызым далаға жүгіріп шығыпты", - дейді оқушының анасы Валентина Горобец.
Сөзінше, ер азамат қызды басқа біреу екен деп ойлап қалған.
"Баламды ұрған азамат әйелімен келіпті. Әлгі келіншек қызыма 2000 теңге сыйлыққа деп ұстатып, істі жылы жауып қоя салмақ болған. Ер азаматтың өзі болса, қызымды басқа біреу деп ойлап қалғанын айтады. Бұл не сұмдық? Көшеде жайбарақат кетіп бара жатқан баланы ұрып тастауы мүмкін болып тұр ғой. Біз ол адамды жазалануын талап етеіміз", - деп қосты Валентина Горобец.
Бұған қоса, ол көшеде адамдар қызды ұрып жатқанын көре тұра, өтіп кеткенін жеткізді.