AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"КСРО-ның деңгейінде қалып қалғанбыз": Елеусінов пен Сәпиев Токиодағы боксшылардың жеңілісі жайлы пікір білдірді

2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Токио Олимпиадасындағы боксшылардың дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  "Жетінші арнадағы" "Студия 7" бағдарламасына сілтеме жасап.

бокс

Ол боксшылардың дайындығын сынға алды. 

"Басқа елдерде боксшылардың деңгейі әлемдік үрдістермен бірге өсіп келеді. Ал біз Кеңес Одағы деңгейінде тоқтап қалдық. Мысалы, біздің спортшылар қашықта қалай жұдырықтасу керегін біледі, бірақ көбіне қарсылас жақындаған кезде не істерін білмей қалады. Мұндай жағдайда біздің боксшылар құшақтасып алады. Бұл техника емес. Соққы жасау үшін техниканы шыңдау керек, секірмеуді және тепе-теңдікті жоғалтпауды үйрену маңызды. Төзім мен жылдамдық керек", – деді Данияр Елеусінов.

Ал спорт комитетінің басшысы Серік Сәпиев Данияр Елеусіновтың бұл пікірімен келіспейтінін айтты. 

“Даниярдың айтқанымен мүлдем келспеймін. Себебі КСРО-да құрылған бокс мектебіне қашан да сұраныс бар, бола береді де. Бұл классикалық бокс, ол ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Жаңа нәрселерді үйренумен қатар, талай боксшыға сәттілік алып келген дәстүрлі боксты да ұмытпау керек", – деп жауап берді ҚР Мәдениет министрлігі спорт комитетінің басшысы Серік Сәпиев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр