Криштиану Роналду мансабын аяқтауға қатысты мәлімдеме жасады
Сауд Арабиясының "Аль-Наср" командасының футболшысы Криштиану Роналду мансабын қашан аяқтайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол мансабын аяқтағанда, зейнетке шығуға ниетті.
"Мен мансабымды аяқтағанымды сезінгенде, зейнетке шығамын... Мүмкін бұл 10 жылдан кейін болар?!", – деді ол.
Роналду қазір 38 жаста. Ол өткен жылы "Аль-Насрға" ауысып, 2025 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа отырды. 2023 жылы ол клуб пен ұлттық құрама сапында 54 гол соғып, әлемнің ең үздік бомбардирі атанды.
Криштиану – "Алтын доптың" бес дүркін иегері. Португалия құрамасымен ол 2016 жылғы Еуропа чемпионатын және 2019 жылғы Ұлттар лигасын жеңіп алды.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген