Криштиану Роналду Германияны таңғалдырды – Португалия Ұлттар Лигасының финалына шықты

4 маусым күні Мюнхендегі "Альянц Аренада" өткен жартылай финалда Португалия құрамасы Германияны 2:1 есебімен жеңіп, 2025 жылғы УЕФА Ұлттар Лигасының финалына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ойынның шешуші сәтінде 40 жастағы Криштиану Роналду жеңіс голын соғып, Германия қақпасына гол салған ең жасы үлкен ойыншы атанды. Бұл тарихи жеңіс Португалияны тағы да финалға алып келді.
Бұған дейін, ширек финалда Португалия Данияны жалпы есеппен 5:3 есебімен жеңген болатын. Екінші матчта қосымша уақытта 5:2 есебімен басым түсті.
Финал 8 маусым күні Мюнхенде өтеді. Қарсылас – 5 маусымда өтетін Испания мен Франция арасындағы екінші жартылай финалдың жеңімпазы.
Айта кетейік, Португалия Ұлттар Лигасын алғаш рет 2019 жылы жеңіп алған. Енді олар бұл атақты екінші рет иеленуге мүмкіндік алып отыр.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып

