Крещение мерекесінде суға түсуге рұқсат етіле ме? Қиясов жауап берді
Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов "Христиандардың Крещение мерекесінде суға шомылуға рұқсат етіле ме" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әзірге жекелеген өңірлерде жергілікті санитарлық қызметтердің шешімімен шектеу шаралары енгізілуі мүмкін. Бірақ жалпы республика бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы тұрақты жерлерде бұл шараларға тыйым салынбаған», - дейді бас санитар дәрігер.
Қиясов суға түсу орындарындағы талаптарды атап өтті.
"Әрине мұнда да, шара қатысушылары әлеуметтік қашықтық, жеке қауіпсіздік сынды талаптарды сақтауы тиіс", - деп қосты Қиясов.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр