Кредит төлей алмайтын қазақстандықтарға қатысты заң әзірленіп жатыр
Премьер-министр Әлихан Смайылов "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заң жобасын 4 ақпанға дейін үкімет кеңсесіне енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған.
Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған орай 18 заңнамалық актіге – 7 кодекс пен 11 заңға түзету енгізу жоспарланған.
"Заң жобасын талқылауға жұртшылық пен сарапшыларды тартуды тапсырамын", – деді Смайылов.
Айта кетейік, Қазақстанда жеке азаматтардың банкроттығы туралы заңды қабылдау мәселесі талай рет көтерілді. Бірақ осы уақытқа дейін қолға алынбады.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді
"27 рет көзіме шөп салып, бауыздамақ болды": Шымкенттік әйел бастан кешкен сұмдық оқиғасын айтты
Басын кесіп, көшеге тастамақ болған