Көз жұмған әріптестерін еске алу үшін: Алматыда тамақ тасушы қызметкерлер шеру өткізді (видео)
Алматыда тамақ тасушы курьерлердің шеруі өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда 4 сәуірде тамақ тасушы Glovo, Wolt, Chocofood ұйымдарының курьерлері жол апатынан көз жұмған әріптестерінің қазасына байланысты шеру өткізді. Шерушілер түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды.
Кейбір БАҚ мәліметінше, опат болған қызметкер "Яндекс.Еда" ұйымында жұмыс істеген. Десек те қызмет өкілдері бұл ақпаратты растамады.
Еске салайық, 28 наурызда Абай және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында курьер мінген мопед пен Toyota RAV4 маркалы көлік соқтығысқан еді. Екі адам жарақат алып, мопед жүргізуші кейіннен көз жұмды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар