Қояншық ауруы деп ойлаған: Ер адам 30 жыл бойы басындағы құртпен жүрген
Қытайда ер адам 30 жыл бойы басындағы он сантиметрлік құртпен жүрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адамның басы 1989 жылдан бері ауырып жүрген. Осы кезде алғаш рет қояншық ауруы қозып, талмасы ұстаған. Карта ойнап отырып аяқ-қолы дірілдеп, аузынан көбік аққан. Кейін есінен танып құлап түскен. Содан бері денсаулығы әлі күнге дейін мазалап келеді.
Ер адам дәрігерге қаралып, берген дәрілерді ішсе де, басының ауырғаны тоқтамағанын айтады. Мамандар оны осы жылдың шілде айында ғана МРТ-ге бағыттаған. Сол жерде оның басында құрт бары белгілі болады.
Науқасқа ота жасалып, дәрігерлер басындағы паразитті алып тастады. Олардың айтуынша, ер адамның ағзасына құрт бұлақ суы арқылы кірген болуы мүмкін.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы