Қоянбаев Уәлибек Әдірайымовқа: Мықты болсаңыз, халықтың ақшасына түсірілген киноларды сынамайсыз ба
Нұрлан Қоянбаев пен Уәлибек Әбдірайымов нені бөлісе алмай жатыр? Аға мен інінің арасындағы дау қайта өрбіді. Кино мен театр әлемінің басшылары онлайн-майдан бастап кетті.
Бұған дейін "Шаншар" театрының басшысы кино түсіруді қолға алған Қоянбаевты сынаған еді. Ол қазақтарды ауыл адамы не төмен деңгейлі халық деп көрсеткені үшін ашуын айтты. Бұған Нұрлан Қоянбаев жауап берді.
"Мен киноға енді келіп жатырмын. Әлі талай қазақша кино түсіремін. Орыс тілін араластырып кино түсіріп жатқан мен ғана емес. Мен 1-2 жыл ішінде тарихымызда алғаш рет Голливуд киносынан табысы жағынан озып кеттік. Уәлибек ағаның тіл туралы айтқаны орынды, бірақ басқасы біздің киноға келмейді. Мықты болсаңыз, 20 млн долларға дейін халық ақшасына түсіріліп жатқан киноларды сынамайсыз ба? Мені қайтесіз? Бұл 200 жылдағы алғашқы жағдай.
Интернетте шу шығармай, аға ретінде хабарласып, аға ретінде ақыл айтсаңыз болмай ма? Аға әдепті болса, іні әдепті. Аман болайық", - деп жазды продюсер парақшасында.
Оқи отырыңыз
"Мәңгі махаббатым": Әйелін туған күнімен құттықтаған Нұрлан Қоянбаев елді сүйсіндірді (видео)