Костенко шахтасындағы апаттан қаза болғандар саны 45-ке жетті
Костенко шахтасындағы апаттан қаза болғандар саны сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 45 адамға жетті. 1 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде. Кеншілер орналасуы мүмкін ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталуда.
Апаттың болжамды эпицентрін тексеру үшін Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті. Тексеру барысында өрт пен жарылыстың әсеріне ұшыраған қазбалар қаралды. Онда, шахта жабдығының бұзылуы және жылжуы, металл-аркалы бекіту элементтеріндегі шаң шөгінділері, желдету құрылыстарының зақымдануы анықталды. Көзге көрінетін жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты.
Сонымен қатар Сырым Шәріпханов апатты тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелерімен отырыс өткізді. Жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз ету ТЖ министрінің жеке бақылауында. Жұмыстар жалғасуда.