Костенко шахтасында 46-кеншінің сүйегі табылып, жер бетіне шығарылды
Костенко шахтасындағы апаттан қаза болған 46-кеншінің сүйегі табылып, жер бетіне шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мамандар қажетті сараптамаларды жүргізіп, марқұмның жеке басын анықтады. Кеншінің аты-жөні Александр Прокудин.
Іздестіру жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару жұмыстары қызметі" республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары қатысты. Тәулік бойы іздестіру жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, 28 қазан күні төтенше жағдай аймағындағы өрттен кейін Костенко шахтасында жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, оның 46-сы көз жұмды.
31 қазан күні құтқарушылар қаза тапқан 46-шы кеншінің қалдықтарын тапқанын хабарлаған еді. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-мен кәсіпорынға меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы мәміле аяқталуда.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық