Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Костенко шахтасында 28 кеншінің мәйіті табылды – Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар министрлігі Костенко кенішінде 28 адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

шахта

Сурет: “Хабар 24” арнасынан

Сағат 15.00 жағдай бойынша әлі 18 кеншіні іздеу жалғасып жатыр. 

"АрселорМитталТеміртау" АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды”, – делінген хабарламада. 


"АрселорМиттал Теміртау" тарихымыздағы ең нашар компания болды – Тоқаев


Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) "жедел желі" телефондары жұмыс істейді.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев көз жұмған кеншілердің туыстарымен кездесу барысында 29 қазанды Жалпы ұлттық аза тұту күні деп жариялаған еді. 

Талқылау