29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Қарағанды облысына барған Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты.
“Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді”, – делінег Ақорда хабарламасында.
“АрселорМиттал Теміртау” мәліметінше қаза тапқан кеншілердің саны 25-ке жеткен.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге келгені туралы жазған едік.
"Қаламақымызды ала алмай отырмыз": Ақындар мен композиторлар Қазақстан авторлық қоғамына қарсы шықты
Олар бұл жағдайдың авторлардың табысына тікелей әсер етіп отырғанын айтты
Кофе мен энергетиктің айырмашылығы неде? Сарапшы маңызды кеңес берді
Энергетик ішкен дұрыс па, әлде кофе ме? Сарапшы жауабын айтты