Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің толық тізімі жарияланды

Костенко атындағы шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің толық тізімі жарияланды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

METALLURGy today газеті Костенко атындағы шахтада қаза болған кеншілердің толық тізімін жариялады: 

Әбілов Айбек Нұрғалиұлы

Бобряшов Сергей Владимирович

Семсерхан Есдаулет

Жылтыров Амангелді Ерғалиұлы

Ещенко Леонид Николаевич

Киселев Сергей Александрович

Крайнов Олег Викторович

Сальников Анатолий Владимирович

Шатаев Аманкелді Мейрамұлы

Сапарғалиев Асқат Бауржанұлы

Қамиев Олжас Ерғазыұлы

Сосновский Тимур Викторович

Мордасов Виталий Анатольевич

Крикунов Павел Александрович

Петренко Владимир Ильич

Югай Александр Викторович

Прокудин Александр Валерьевич

Мұсабеков Әсет Қанатұлы

Кочмар Сергей Николаевич

Әлияқпаров Қуандық Серікұлы

Деревянко Виктор Николаевич

Арусланов Денис Геннадьевич

Калимуллин Дамир Радикович

Гудз Дмитрий Казимирович

Котвицкий Сергей Геннадьевич

Катаман Владимир Мирославович

Николаенко Юрий Леонидович

Баринов Сергей Валерьевич

Сайфутдияров Альберт Рифович

Магиев Жанболат Темірғалиұлы

Исинқұлов Дамир Нұрисламұлы

Шулевский Михаил Леонидович

Богатырев Илья Константинович

Леушин Владимир Геннадьевич

Жанзақов Айзат Айханұлы

Мельников Иван Владимирович

Неверов Александр Викторович

Малдақасов Асют Аханұлы

Адампаев Ербулат Мұратұлы

Сіләм Берденбек

Кривоногов Евгений Викторович

Орақбаев Ақынжан Расбайұлы

Кадиров Ринат Мубаракзянович

Фазлов Марат Фаудинович

Поцелуев Вячеслав Валерьевич

Половинка Юрий Сергеевич.

кеншилер“Виктор Викторович Гафиулов екеуміз мезгілсіз қайтыс болған әріптестеріміздің туған-туыстары мен жақындарына барып, көңіл айтып, қолдау көрсеттік, олар үшін өте қиын кезеңде оларға толық материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі”, – деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ директоры Владимир Яблонский.

Оның айтуынша, жол апаты кезінде тағы 24 әріптес зардап шегіп, ауруханаларда ем қабылдап жатыр, оларға барлық медициналық көмек көрсетіліп, қолдау білдіруде.

“Жұмыс үрдістерінің және тәртібінің қауіпсіздігін көтеру үшін үздіксіз жұмыс істеп жатырмыз, бірақ бұл апат алда әлі де атқарылатын істер көп екенін көрсетті. Бұл бізге сабақ болды. Осы бағыттағы жұмысымызды дереу жеделдетуіміз керек", - деп қосты Яблонский.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанда Костенко шахтасында метан газы жарылған. Соққы толқынының таралу диапазоны 2 км-ден асқан. Апат кезінде жер астында 252 шахтер болған деп айтылады. 206-сы өз бетімен жер үстіне шыққан. Қалғандары сыртқа шыға алмай қалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа көмір оятын орыннан өрттің шығуы себеп болған.

29 қазан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бүкіл елде жалау түсіріліп, барлық ойын-сауықтар тоқтатылды.

Апаттан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметіне "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-мен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Қарағанды ​​облысында кеншілердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ меншігін Қазақстанның пайдасына беру жөніндегі мәміле қазірдің өзінде аяқталып жатқанын мәлімдеген

Айта кетейік, бұған дейін егер Лакшми Миттал кінәлі деп танылса, құқық қорғау органдары оны жауапқа тартуға құқылы екені айтылған.

Қазақстанда Лакшми Митталды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететін петицияға қол жинау басталды.

31-қазанда Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің соңғысының денесі табылғанын мәлімдеді.

Талқылау