Қостанайлық пісірген дүкен тұшпарасынан құрт шықты (фото)
Қостанайлық дүкен тұшпарасын пісіріп,жемекші болған кезде жағымсыз тосын сыйға тап болды. Әйел өзі бір тістеген тұшпараның ішінен қарайған затты көрген. Тұшпараның нанын ашып, анықтап қараған кезде оның құрт екеніне көзі жеткен.

«Тұшпараны сатып алып жегенді ұнататындардың назарына. «Киевские» тұшпарасының ішіне «Етке ет» қосылған. Барлық дүкен сөрелерінен табуға болады»,- деп әзілдеген әйел өзінің желідегі парақшасында.
Мұны оқыған желі қолданушыларының бірі тұшпараға жауапты мекеменің үстінен шағымдануға кеңес берген. Енді бірі, мұны жала жабу деп түсінетінін жеткізген.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен