Қостанайлық әйел танысының басынан 6 рет балтамен ұрып өлтірді
33 жастағы қостанайлық танысын балтамен ұрып өлтірді, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға Қарасу ауданында болған. 33 жастағы әйел өз үйінде таныстарымен бірге спирттік ішімдік ішеді.Түн ортасына қарай күдіктінің бір қонағы үйден кетіп қалған.
“Күдікті үйдің дәлізінде ұйықтап жатқан екінші танысын көреді. Мұнан соң олардың арасында жанжал туындаған. Сәлден кейін ол танысының басына балтамен алты соққы жұмсайды. Салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды”, – делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында. Енді 33 жастағы әйел ҚР ҚК 99-бабы бойынша сот алдында жауап береді.
Тағы да оқыңыз:
Қостанай тұрғыны жолдасын өлтірдім деп ойлап тірідей көміп тастаған
Шымкентте 16 жастағы жасөспірім өзіне көмектескен намазхан баланы зорлап тастаған
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған