Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 16 жастағы жасөспірім өзіне көмектескен намазхан баланы зорлап тастаған

Шымкентте 16 жастағы жасөспірім намаз оқып болған баланы зорлап тастағаны үшін сотталып кетті.

Шымкентте 16 жастағы жасөспірім өзіне көмектескен намазхан баланы зорлап тастаған

Сот жабық түрде 2018 жылдың 7 ақпанында өтті, деп хабарлайды otyrar.kz.

«Айыпталушы жалдамалы пәтерде тұрған. Ол 2001 жылы туған. Қылмыс жасаған уақытта 16 жаста болған. 2017 жылдың 17 қазан күні үйіне мас күйіне келіп, пәтеріне өз бетінше жете алмай қалады. Сол сәтте оған жәбірленуші көмектескен. Айыпталушы оған қауын беріп сыйлаған», – дейді сот төрешісі Абинұр Қарабаев.

Бұл сәт намаз уақыты болғандықтан жәбірленуші намазын сол жерде оқып алмақ болады. Намаз оқып болған соң айыпталушы пышақ алып, жәбірленушінің тамағына тақаған. Оны қорқытып, сексуалды сипаттағы зорлық көреткен. Жәбірленушінің ақыл-есі толық дамымаған. Айыпталушы есікті тарс жауып тастағандықтан ол түні бойы сыртқа шығуға қорыққан. Таңертең айыпталушының досы келгенде ғана сыртқа шыққан. Ата-анасына болған жайтты айтқан соң, полицияға арыз берілді. Айыпталушы кінәсін мойындаған жоқ. Алайда кінәсі дәлелденіп, 11 жыл 3 айға сотталды. Үкім заңды күшіне енді.

Тағы да оқыңыз:

Қостанайда дәрігерлер 8 жасар баланың саусағын кесіп тастады

Мұхамеджан Тазабек: Махаббатты “ақ некемен” шатастырып жүрміз

Тоқтар Әубәкіров өзгепланеталықтарды өз көзімен көргенін айтты

Талқылау