AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық миллион теңгесі бар сөмкесін автобуста ұмытып кеткен

Қостанайдың патрульдік полиция қызметкерлері ауыл тұрғынының қомақты қаржы салынған сөмкесін тауып, қайтарып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, Қостанай ауданының Алтын дала ауылының тұрғыны облыс орталығында автобуста ішінде миллион теңгесі бар сөмкесін қалдырып кеткен.

Бағдат Ахметов пен Медет Қойшығұлов 16 қазан күні сол ауданда қызметте болған. Қайырбеков-Қорған қиылысында "КАМАЗ" автокөлігінің жүргізушісі Кенжебек Кәдиев олардан көмек сұраған.

Ер адам әйелінің хабарласып, ішінде ақша бар сөмкені автобуста қалдырып кеткенін айтып берген. Сөмкені қалдырып кеткенін әйел тек үйіне қайтар жолда ғана байқаған.



“Ол полицейлерге маршрут нөмірін айтты. Бірнеше минуттың ішінде полицейлер автобус жүргізушісін анықтап, соңғы аялдамаға дейін жеткен. Жүргізуші сөмкені ер адамға тапсырды", – деп түсіндірді ведомстводан.

Кенжебек Кәдиев тәртіп сақшыларына жылдам көрсетілген көмек үшін алғыс айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр