Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайдың ең сұлу аруы анықталды

Қостанай қаласында «Қостанай аруы-2017» байқауы аяқталып, өңірдегі ең сұлу қыз таңдалды.


Қараша айындағы қаралымда 45 ару іріктеліп,өзара  сұлулық пен сымбаттылықтарын сынаған. Олар байқау барысында құрылған «Модель мектебінен» дәріс алып, үздіктері шешуші кезеңге жолдама алды. Сөйтіп, Қостанайдың ең сұлуы 18 қатысушының арасынан 1 бойжеткен “ең сұлу” болып шықты.

Биыл байқау талаптары да өзгертілген, қатаң болды.  Қыздардың жасы 17-ден кем емес және бойы 169 сантиметрден асуы тиіс болды.

Сонымен, «Қостанай аруы-2017» атағын 18 жастағы Зарина Тоқтыбаева жеңіп алды. Оның бойы – 173 см.

«Әрине, шешуші кезеңде біраз қобалжыдым. Расымды айтсам, мен жеңемін деп те ойламадым. Кілең сұлулар қатысып отырған байқаудың үздік бестігіне енсем де шүкір дер едім. Дегенмен, сәттілік жолдас болды. Мен – Қостанай облысының бірінші аруымын», – деді Тоқтыбаева өз сұхбатында.

Оқи отырыңыз:

Биліктен әрең кеткен Зимбабве президенті айына150 мың АҚШ доллар жалақы алатын болады

Yahoo жүйесіне кибершабуыл жасады деп айыпталған Қазақстан тумасы өз кінәсін мойындауға әзір

Ташкентте көз жұмған үш қыздың өлімі: Дәріхана сатушысы дәрігердің жазуын түсінбей, басқа дәрі беріп жіберген

Талқылау