Қостанайда жасөспірім сыныптастарының қорлығына шыдамай үйінен кетіп қалды
Сыныптастары баланың үйден кетіп қалғаны туралы естіген соң, қатарластарынан кешірім сұраған. Туған әпкесі Михаилдың үйден кету себебін түсіндірді. Айтуынша, жасөспірімнің үйден кетуіне отбасындағы жанжал себеп болмаған. Дәл осы себепті әпкесі видео түсіріп, желіге жүктеген.
Қыздың айтуынша, сыныптастары Михаилға екі жыл бойы күн көрсетпеген. Қатарластары баланы итеріп, түртпектеп мазақ қылып келген. Бұл туралы аудандық Алау арнасына сілтеп, Stan.kz хабарлайды.
«Жасөспірімның психологиясына осы жағдай ауыр соққы болып тиген. Бала мектептегі қиындықтары туралы ешкімге жақ ашпай, бар сырын ішіне бүгіп келді. Тіпті анам інімнен сабаққа не себептен бармай жүргені жайлы сұрағанда да, ол мектепте бәрі жақсы деп, үндемей жүре берді. Біз екі жыл бойы сынып жетекшісінен де Михаилдың мектептегі тәртібі, сыныптастарымен қарым-қатынасы туралы сұрап келдік. Баланың мектепке барудан неге қашатынын білмейміз. Мұғалімі де Михаилдың сыныптастарымен ешқандай қиындықтары жоқ екенін айтты. Алайда сынып жетекшісі балаға сыныптастарының күн көрсетпей жүргенін біле тұра, оқушылардың сөзін сөйлеп келген көрінеді. Ол өзі небәрі 25 жаста. Тәжірибесі аз болғандықтан бұл мәселені шешуге шамасы келмеген шығар»,-дейді Михаилдың әпкесі Екатерина Шарифуллина.
13 ақпанда баланы іздестіру кезінде әпкесі Михаилдың жеке парақшасына кіріп, келген хаттарды оқыған. Онда оқушылар сыныптастарының үйден кетуіне себепкер болғандары туралы жазған.
Айта кетейік, 12 ақпан күні Қостанай қаласында мектеп оқушысы жоғалып кеткен. Жасөспірімді іздеуге полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Оқушы 14 ақпанда аман-есен табылды.
Жіберіп алмаңыз:
Әкімдік жұмыссыз қалған “Абу Даби Плаза” құрылысшыларына көмектеседі
Зейнеткер: Астанадағы еркекті айналдыруға арналған “Гейша” мектебіне баратын кемпірлер – надандар
Келер жылдан бастап тіркелмеген телефондарға байланыс қызметтері көрсетілмейді
Ақтауда қаруласын ұрған сарбаз 12 жылға сотталуы мүмкін