ТЖД Қостанайдағы жарылыстан соң үйінді астынан бір адамның мәйіті табылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті Амангелді іргесіндегі ғимараттың опырылуы салдарынан қаза тапқан адам туралы жарияланған ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресми мәлімет бойынша, үйінді астынан үш адам құтқарылып, екі адамның аман қалғаны хабарланған болатын.
"Қаза болған ер адам туралы ақпарат қате берілді. Құтқарылған ер адам медициналық мекемеге жатқызылды. Оқиға орнынан барлығы 11 адам ауруханаға жеткізілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары қатты аяз бен қираған құрылғылардың көптігіне байланысты қиындауда", – делінген хабарламада.
Қызметкерлердің айтуынша, іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, төрт зардап шегуші Қостанай облыстық ауруханасына жеткізілді. Жеті адам қалалық ауруханада. Зардап шеккендер орташа дәрежедегі дене жарақаттарын алған.
"Қажетті шаралардың барлық кешені қабылдануда. Мұнда түскендер ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. Бірақ толық сенімді болу үшін үшеуі бірнеше күн стационарлық, үш адам амбулаторлық емдеуде болады. Бір зардап шегушіні Қостанай қалалық ауруханасына жеткізді. Оның жағдайы ауыр. Жасы 40-тар шамасындағы ер адам бас-ми жарақатын алған, тексерулердің барлық түрі жүргізілуде", – деп хабарлады жедел жәрдем қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысындағы Амангелді ауылында газ-ауа қоспасы жарылып, астында жеті адам қалды.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылған. 12 адам алғашқы медициналық көмекке жүгінген. Сондай-ақ Қостанайда апат салдарынан үйінді астынан бір адамның мәйіті шығарылды деген ақпарат тарады.