Қостанай облысындағы жарылыстан соң үйінді астында қалған екі адам құтқарылып, бір адамның денесі шығарылды
Қостанайда апат салдарынан үйінді астынан бір адамның мәйіті шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үйінді астынан екі адам құтқарылды.
"Іздестіру-құтқару іс-шаралары барысында үйінді астынан екі адам шығарылды, тағы бір адамның денесі табылды, оның жеке басы анықталуда. Іздеу жалғасуда", – деп хабарлады ТЖД.
Еске сала кетейік, Қостанай облысындағы Амангелді ауылында газ-ауа қоспасы жарылып, астында жеті адам қалды.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылған.
12 адам алғашқы медициналық көмекке жүгінген.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен