Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайдағы қару-жарақ дүкеніндегі өрттен төрт азам көз жұмды - Бас прокуратура

Бас прокуратура Қостанай қаласындағы "Оружейная палата" аңшылық дүкеніндегі өрттен төрт адамның ажал құшқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

өрт дүкен

"3 қыркүйекте Қостанай қаласында "Оружейная палата" аңшылық дүкені өртенген. Соның салдарынан дүкеннің жеті қызметкері зардап шегіп, үшеуі күйік шалып ауруханаға жатқызылды, ал төртеуі қаза тапты", – деп жазылған ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі аталған өрттен 2 адамның қайтыс болғанын хабарлаған еді.

Бас прокуратура Қостанай облысындағы өрттерге байланысты 3 қылмыстық іс қозғады.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 204-бабының 2-бөлігі (отпен абайсыз жұмыс iстеу арқылы ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірілген іс-әрекет), 341-бабының 1-бөлігі (ормандарды жою), 292-бабының 3-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.

Талқылау