Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде болған өрттен зардап шеккендерге бюджеттен жәрдем берілмейді

Қостанайдағы "Оружейная палата" қару-жарақ дүкенінде болған өрттен зардап шеккендерге мемлекеттік бюджеттен қаржылай көмек қарастырылмаған. Мұның себебі ретінде өрттің шығу себебі табиғи апат емес, техногендік сипат екендігі айтылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

пожар Костанай

Соған қарамастан, жергілікті әкімдіктің бастамасымен қамқор азаматтардың қаражатын жинау үшін арнайы есепшот ашылған. Бүгінге дейін 4 736 000 теңге жиналған. Өрттен зардап шеккен балаларға мектеп формасы мен керек-жарақтар сатып алынған. Сондай-ақ жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен әр балаға 50 000 теңгеден бөлу мәселесі шешіліп жатыр.

Бұдан бөлек қаза тапқандардың отбасыларына миллион теңге көлемінде көмек көрсетілген.

"Өкінішке орай, биыл өрттен қаза болғандар саны былтырғымен салыстырғанда үш есе көп. Он төрт пен төртті салыстырып көріңіз. Не істеу қажет? Жалпы болған өрттің 63 пайызы тұрғын үй қорына тиесілі. Негізгі себептер – отқа абайсыз қарау, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және тұрмыстық электр құрылғыларын пайдалану болып келеді", - деп түсіндірді Қостанай қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Алмаз Төлендин.



Еске салайық, 3 қыркүйекте Қостанайда қару-жарақ дүкенінде жарылыс болып, арты үлкен өртке ұласқан. Оқиғаның себебі әлі анықталу үстінде. Жарылыс туристік бөлімнен басталып, содан кейін жалын тез арада бүкіл дүкенге тараған. Салдарынан ғимарат толығымен жанып кетті.

Жарылыс пен өрттің салдарынан төрт адам қаза тапты:

Юрий Ефимов, сатушы әрі кеңесші;
Вячеслав Кравченко, қару жөніндегі маман;
Темірлан Мурзабеков, сатушы әрі кеңесші;
Александр Неводничий, сатушы әрі кеңесші.

Қаза тапқандардың артында отбасылары мен кішкентай балалары қалды. Дүкен әкімшілігі қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету үшін қайырымдылық шарасын жариялаған.

Талқылау