Қостанай облысындағы өрт салдарынан қанша жануар қырылғаны белгілі болды
Қостанай обысындағы өрттен кейін аймақта жануарлар мен құстардың өліктері табылған. Оның ішінде 30 бас ірі мен 105 шошқа бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kstnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Сурет: kstnews.kz
Қостанай облысы ветеринария басқармасының басшысы Ақат Шектібаев бұл жануарлардың Аманқарағай, Озерное мен Лесное ауылдарында өлгенін мәлімдеді.
"Жануарлар мен құстардың күйген өлекселері табылды: ірі қара – 30 бас, ұсақ мал – 2 бас, шошқа – 105 бас, құс – 130 бас", – деді Шектібаев.
Қостанай облысындағы табиғи өртті сөндіру жұмыстары 2-10 қыркүйек аралығында жүрді. Жалын 43 мың гектар аумақты шарпыған. Салдарынан 91 тұрғын үй өртеніп кетті. Барлығы 2 091 адам эвакуацияланды.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"