Қостанайда анасына араша түспек болған 16 жастағы бала ажал құшты
Қостанайда өгей әкесі 16 жастағы баланы өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Наша газета” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Әлеуметтік желіден алынды
Данияр Нұрғалиев 16 жаста болған. Отбасының досының сөзінше, марқұмның анасымен бірге тұрған ер адам баланы өлтірді деген күдікке ілінген.
"Бала анасын қорғаймын деп, жүрегіне пышақ жарақатын алған", – деді ол.
Данияр былтыр Қостанай қаласындағы №8 орта мектептің 9-сыныбын бітірген.
Бішкекте 17 жастағы гимнаст қызды өгей әкесі өлтіріп тастаған
“Полицейлер кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, күдікті ұсталды. Алдын ала ақпарат бойынша, мас күйіндегі күдікті жанжал кезінде марқұмды пышақтап тастаған. Тергеу барысы Қостанай қаласының полиция бөлімі мен прокуратурасының басшылығының бақылауында”, – делінген полиция басқармасының хабарламасында.
Еске салсақ, осыған дейін Абай облысында 12 жастағы өгей қызын зорлаған педагог өмір бойына бас бостандығынын айырылған.