Қостанайда мас күйінде көлік айдаған судья қызметінен босатылды
Қостанайда қалалық сот судьясы мас күйінде көлік жүргізгені үшін лауазымынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Тәртіптік іс жоғары сот кеңесі жанындағы сот алқалары отырысында қаралды. Жол апаты тамыз айының соңында болған. Судья мас күйінде рөлге отырып, шағын аудандардың біріндегі бағанаға соғылған.
Сонымен қатар оқиға ойын алаңынан бірнеше метр қашықта орын алған. Зардап шеккендер жоқ.
Қазақстанда тоғыз банк таратылмақ
Судья бірден ақысыз демалысқа шыққан. Біраз уақыттан кейін облыстық соттың сайтында бұл факт расталды. Нәтижесінде, жоғары сот кеңесі судья этикасына қайшы келетін теріс қылық жасағаны үшін судьяны қызметінен босату туралы шешім қабылдаған.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда