Қостанайда із-түссіз жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Қостанайда із-түссіз жоғалып кеткен 18 жастағы бойжеткен өлі табылды. 20 шілде күні кешкі сағат 22:00 шамасында үйінен шыққаннан кейін, із-түссіз жоғалып кеткен Затобол ауылының тұрғынының денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылған.Бұл туралы Қостанай облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Із-түссіз жоғалып кеткен Затобол ауылының тұрғынының денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылды. Полиция бұл оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес алдын ала тергеу жұмыстарын бастап кетті. Қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде », – деп түсіндірді Ішкі істер департаментінен.
Естеріңізде болса, 20 шілде күні сағат 22.00 шамасында серуендеуге шыққан 18 жастағы Дарья Махартова үйіне қайтып оралмаған.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар