Қостанайда егіз бала мен анасы жол апатынан қаза тапты
Қостанай облысында егіздер мен олардың анасы жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 7 ақпанда Қостанай-Қарабұтақ тас жолының 470 шақырымында болған.
"JAC S3 автокөлігінің жүргізушісі басып озу маневрінің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, қарсы жолаққа шығып кетіп, ауыр жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан", - деп хабарлады облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.
9 жасар екі бала мен олардың 33 жастағы анасы оқиға орнында көз жұмды.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған