Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үкім кезінде есінен танып қалды": Қостанайда бір жыл қамауда отырған полиция полковнигі ақталды

Қостанайда сот қарамағындағылардан заңсыз ақша жинады деген айыппен тергеу изоляторында бір жылға жуық қамауда отырған полиция полковнигінің атышулы ісіне нүкте қойды. Сот үкімін естіген Айгүл Маманова есінен танып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

"Маманова Айгүл Азаматқызы Қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі емес деп танылып, оның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталды", - деп үкім оқыды Қостанай қаласының 2-сотының судьясы Ерімхан Қадырбаев.

Мамановаға мүлкін тәркілеумен бірге 10 жылға дейін бас бостандығынан айырыл жазасы төнір тұрған еді.  Іс материалдарына сәйкес, ол қарамағындағылардан заңсыз ақша жинаған.  Қызметкерлер 20-дан жүз мың теңгеге дейін ақша беруге мәжбүр болған.

Жәбірленушілер жалпы сомасы 1 млн 200 мың теңгені құрайтын азаматтық талап-арыз түсірді.  Сотталушы бұл шығынды толық көлемде өтеген.  Алайда бұрынғы полицей өз кінәсін мойындамай, ақшаны өз еркімен әкелгенін айтты.

Ақтау үкімімен Айгүл Маманова заңсыз қылмыстық қудалау үшін келтірілген зиянды өтеу құқығына ие болды.

Талқылау