Қостанайда бір ай бұрын жоғалып кеткен сегіз жасар баланың денесі табылды
Қостанайда бір ай бұрын жоғалып кеткен сегіз жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.
И. К. 4 маусым күні "Восток" дүкені маңында жоғалып кетті. Соңғы рет баланы "101 дүкенінен" көрген.
Баланың мәйітін еріктілер кәріс көпірінен бір шақырым жерден тапты. Іздеуге атсалысқан үйлестірушінің айтуынша, олар алдымен баланың аяғын байқаған. Кейін оның із-түссіз жоғалған И.К. екенін білген. Баланың жақындары мен полицейлер әзірге пікір білдірген жоқ.
Атап өтерлік жайт, бала көпірден 2,5 шақырым жерден жоғалған еді. Аталған іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған