Қостанайда баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан шығарылды (Видео)
Қостанайдағы балабақшалардың бірінде орындықты алып келе жатқан балаға қол көтеріп, кейіннен оны жұлқып орнына отырғызған тәрбиеші арнайы бап бойынша жұмыстан шығарылған. Ары қарай іс құқықтық алаңда қаралады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: кадрдан скриншот
"Костанайские новости" басылымының мәліметінше, болған оқиғаға қатысты өңірлік білім беру басқармасы мәлімдеме жасады.
“Оқиғаны полиция тіркеуге алды. Тәрбиешіні әкімшілік жауапқа тарту үшін материал жинақталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім шығады”, – деп хабарлады ведомство.
Материалды әкімшілік құқықбұзушылық бойынша мамандандырылған сот қарайды.
Бұған дейін Шымкентте балабақшаға келмеген балалар үшін бюджеттен ақша алып отырған кәсіпкер сотталғанын жазған едік.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді