Қостанайда балалар үйінде кәмелетке толмаған қызды зорлаған тәрбиеші сотталды
Қостанайда кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен балалар үйінің тәрбиешісі 23 жылға сотталды. Оқиға Рудныйда болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысы қылмыстық істер бойынша мамандандарылыған ауданаралық сотында Рудныйдағы балалар үйінің тәрбиешісіне қатысты шешім шығарылды. Сот материалына сәйкес, 44 жастағы ер адам кәмелетке толмаған тәрбиеленушінің зорлаған. Іс сотқа Қылмыстық кодекстің 120 (Зорлау) және 121-баптары (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша берілді.
Сот шешіміне сәйкес ер адам жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді және өмір бойына педагогикалық қызметпен шұғылдану құқығынан айырылды.
Сонымен қатар 1 миллион теңге көлемінде азаматтық талап қанағаттандырылды.
Зорлық құрбаны болған қыз іш киім брендін қалыптастырып, танымалдылыққа ие болды
700 мың теңге бопсалады деген блогер полицияны үш рет жазықсыз түрмеге қамады деп айыптады
Блогер: "2021 жылы 3 ай 21 күнге, 2023 жылы 2 айға, 2024 жылы 1 жыл 6 айға қамалдым"
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген