Қостанайда әйел алтын бұйымдар үшін зейнеткерді пышақтап тастаған
Қостанай облысын әйел алтын әшекей үшін 75 жастағы қарияны өлтіріп тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков қылмысты ашуға облыс пен қаланың тәжірибелі полицейлері жұмылдырылғанын атап өтті. Екі сағаттан кейін кісі өлтіруге қатысты барлық деректер белгілі болды.
Шенеуніктердің хабарлауынша, 45 жастағы күдікті қамауға алынды. Жұмыссыз әйелден айғақ заттар тәркіленді. Келіншек пайда табу үшін адам өлтірген. Күдікті зейнеткердің подъезден кіргенін көріп, артынан барып, бірнеше рет пышақ жарақатын салып, алқасын жұлып алған.
Ерлан Омарбеков жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталғанын атап өтті. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, "Қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық