Қостанайда 3 жасар қыз үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Қостанайда үш жасар қыз терезеден құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқыс оқиға 22 тамыз күні сағат 13:30-да 9 шағын аудандағы бес қабатты тұрғын үйде болған. 2019 жылы туған қыз үшінші қабаттың терезесінен құлап түсті.
Оқиға бала ересектердің қарауынсыз жалғыз қалған кезде болды.
"Бүлдіршін қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер оған мидың шайқалуы, қабақтың ашық жарасы, іштің жарақаты диагноздарын қойды. Қазір жағдайы қанағаттанарлық", – делінген Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"