Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай тұрғыны танысының телефоны арқылы 16 несие рәсімдеген

Қостанайда 50 жастағы тұрғынды танысы тақырға отырғызып кеткен. Күдікті танысының телефоны арқылы микроқаржы ұйымдардан 16 онлайн несие рәсімдеген. Сөйтіп бір миллион теңгеден астам ақшаны қалтасына басқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

телефон

Киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол бұған дейін де алаяқтық бабы бойынша жауапқа тартылған көрінеді. Қостанайда киберқылмыс өршіп тұр. Жалпы жыл басынан бері аймақта 142 адам интернет алаяқтарына алданып қалған. 


Семейде желідегі жоғалған құжаттар жайлы хабарландырулардың арқасында алаяқ 350 несие рәсімдеген


"Күдікті  азамат анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін мойындап отыр. Айғақ зат ретінде телефон тәркіленді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның өзге де фактілерге қатысы бар жоғы анықталады", - деді Қостанай облыстық полиция департаменті киберқылмыспен күрес басқармасының жедел уәкілі Олжас Мағыпаров. 

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда тұрғыны электронды цифрлы қолтаңбасы жүктелген флэшкасын жоғалтып алған соң банктерге 47 миллион теңге қарыз болып қалған еді. Алаяқтар жеке ақпараттарды пайдаланып несие рәсімдеген екен. 

Талқылау