Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында жаңа қала пайда болды

Қостанай облысындағы Затобол кентінде осы елді мекенге қала мәртебесін беру және атын өзгерту мәселесіне арналған жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиналыста кент тұрғындары елді мекенге қала мәртебесін беріп, атауын өзгертуге бірауыздан келісті.

«Бірінші мәселе бойынша жұрт бірауыздан шешім қабылдады. Екінші мәселеге орай жиналғандардың басым көпшілігі «Иә» деп дауыс берді. Еліміздің картасында жаңа Тобыл қаласы пайда болды», – деп мәлімдеді Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Болат Бекенов.

Болат Бекенов жеті күн ішінде кент әкімінің аппараты жиналыстың хаттамасын жариялауы тиіс екенін айтты. Осыдан кейін ғана кент атауын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Сонымен қатар жиналыста жаңа қаланың тұрғындары құжаттарын ауыстыруына қажеттілік жоқ екені, олардың барлығының заңды күші сақталатыны айтылды.

Оқи отырыңыз:

Автобуста отырған әжелер «Қамажай» әнін орындап, көпшілікті сүйсінтті (видео)

Ақтөбеде полицейлер жоғалып кеткен қарияны тауып алып, артынан жібере салған

Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Талқылау