Қостанай облысындағы ірі өрт: Орман шаруашылығының басшысы қамауға алынды
Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орман өртіне қатысты тергеу амалдары аясында Басаман орман шаруашылығы мекемесінің басшысы қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қостанай облыстық прокуратурасы 13 қыркүйекте "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" КММ-нің басшылығына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын (ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы) бастады", – делінген прокуратура хабарламасында.
Сол күні мекеме басшысы Қылмыстық-процестік кодекстің128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
15 қыркүйекте сотпен мекеме басшысына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.
"Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – деп хабарлады ведомство.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"