Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында жүргізуші полиция қызметкерін қағып, 50 метр жерге сүйреп әкеткен

Рудныйда полиция қызметкерін көліктің капотында сүйреген жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

22 желтоқсан күні сағат 13:00 шамасында Корчагин көшесінде Тойота автокөлігінің жүргізушісі полиция бекетінің жанында болғанына қарамастан, мүгедектерге арналған тұрақ белгісінің жанына тоқтаған. Жол қозғалысы ережелерін бұзғанын байқаған патрульдік полиция қызметкері көлікке жақындап, жүргізушіге ескерту жасаған. Алайда жүргізуші дөрекілік көрсетіп, қызметкердің заңды талаптарын елемей, оқиға орнынан қашып кетпек болған.

Полиция қызметкері көлікті тоқтатуға тырысқан, бірақ жүргізуші көлікті жүргізуін тоқтатпаған. Ол полиция қызметкерін 50 метрге дейін капоттың үстінде сүйреп, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Жүргізушінің жеке басы анықталды.

Қабылданған шаралар барысында 35 жастағы Рудный қаласының тұрғыны ұсталып, жергілікті полиция басқармасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Күдікті ҚР ҚК-нің 380-бабы 3-бөлігі бойынша (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Талқылау